Жануарды қорғау – жұмағың, қорлау – тозағың
Жан-жануар, аңдар мен жәндіктер – табиғат деген алып үйдің бір кірпішін құрайтын бөлшектері, экологияда айрықша орны бар жаратылыстар. Бір кірпіші босаған үйдің уақыт өте келе өзге кірпіштері де кетіліп, ақырында үйді жарамсыз ететіні белгілі. Сол секілді жануардың бір түрін жою – өзге түрлердің өзгеруіне, азайып не көбеюіне алып келеді де табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Бұны бәріміз 1-сыныптан «Табиғаттану» пәнінен білеміз. Ал адамзат соңғы 500 жылда 900-ден астам жануар мен өсімдік түрлерін жер бетінен жойып жіберуімен қоймай («Табиғатты қорғау халықаралық ұйымының» мәліметінен), соңғы...