САБЫР ЖӘНЕ ҰЯЛУ (Хазіреті Айюб пайғамбардың өмірінен үзінді)
Сынады Алла Айюб құлын аш қылып, Ауру берді, халі кетті асқынып. Ұлдары да опат болды, ал Елші, Зікір етті көздеріне жас тұнып. Ауру жеңіп, қоймады оны еркіне, Тән азабы ізін салды көркіне. «Пайғамбарсың» - деді жары Рахима, «Шипа-саулық сұрасаңшы дертіңе». «Ерік берсек, нәпсімізде жоқ тізгін, Шүкір етпес кездеріміз көп біздің. Алла берген есендікте сенімен, Айтшы, қалқам, қанша дәурен өткіздім?» «Нақ сексен жыл бірге болдық саулықта» - Деді жары жасын сүртіп жаулыққа. «Тұрмыс тезі қажытқаннан, ойыңа ...