Банк – қақпан, менеджер – айлакер, ал халық – сауатсыз
«Мен күніне 80-100 мың істеген күндері көңіл-күйім болмай «бүгін дым жасамадым» деп жүретінмін. Кейін халықты мұншалықты алдай беруге арым жібермеді. Содан жұмыстан шығып кеттім. Қазіргі жұмысымда айлығым аз болса да жаным тыныш» деген банктің бұрынғы қызметкерінен аз-кем сұхбат алдық. Халық не үшін банктен жапа шегіп жүр? Неге алданып қалдым дейді? Бұл жерде ең алғашқы айтылуы керек мәселе – халықтың сауатсыздығы. Пайыздың мөлшеріне мән бермейді, бастысы тез ақша алсақ дейді. Соңында төлеген кезде ғана бармағын шайнайды. Оның...