САБЫР ЖӘНЕ ҰЯЛУ (Хазіреті Айюб пайғамбардың өмірінен үзінді)
САБЫР ЖӘНЕ ҰЯЛУ (Хазіреті Айюб пайғамбардың өмірінен үзінді)

Сынады Алла Айюб құлын аш қылып,

Ауру берді, халі кетті асқынып.

Ұлдары да опат болды, ал Елші,

Зікір етті көздеріне жас тұнып.

 

Ауру жеңіп, қоймады оны еркіне,

Тән азабы ізін салды көркіне.

«Пайғамбарсың» - деді жары Рахима,

«Шипа-саулық сұрасаңшы дертіңе».

 

«Ерік берсек, нәпсімізде жоқ тізгін,

Шүкір етпес кездеріміз көп біздің.

Алла берген есендікте сенімен,

Айтшы, қалқам, қанша дәурен өткіздім?»

 

«Нақ сексен жыл бірге болдық саулықта» -

Деді жары жасын сүртіп жаулыққа.

«Тұрмыс тезі қажытқаннан, ойыңа

сөзді салған нәпсің ғой ол даурықпа.

 

Барға шүкір, қанағат қып тарлықта,

Бойсұнамын Раббым еткен жарлыққа.

Сонша уақыт неге сабыр етпеске,

Нақ сексен жыл бірге болсақ барлықта?

 

Сүйген құлын алар Раббым сынауға,

Бар халіммен тырысамын ұнауға.

Қиындықта өтпейінше сексен жыл,

Ұяламын дертке шипа сұрауға».

Miras KesebayMiras Kesebay
10 лет назад 4518
2 комментария
  • Ара кессе Зәкәриядай тәлім қылам,
    Ауру келсе Аюбқа ұқсап сабыр қылам, - деген жолдары бар Шәкәрім атамыздың. Баршамызға Аюб пайғамбардың сабырын берсін. Қандай жағдай болмасын.
    10 лет назад
  • Машалла, Алла береке берсін!!!
    10 лет назад
О блоге
0
100359 68 183 1953 96