Құраннан алған әсерлер
Құраннан алған әсерлер

Кеше Құран оқу барысында «Нәміл» сүресіне келдім. Құран әр кезде әртүрлі әсер береді ғой. Өз қасиетімен ойың мен жүрегіңді қайда алып кеткенін, қандай сезімге бөлегенін соңынан бір-ақ білесің. «Нәміл» сүресі де солай өзге әлемге алып кетті.

 

«Нәміл» сүресі, 9-аят:
يَا مُوسَىٰ إِنَّهُ أَنَا اللَّهُ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ

“Әй, Мұса! Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын.”

Осы аятты оқып, Алла Тағаланың Мұсаға сөйлеген сәтін көріп және даусын естіп тұрғандай күйде болдым. Денемнен ток жүріп өткендей болды.

Нәміл» сүресі, 18 аят:
حَتَّىٰ إِذَا أَتَوْا عَلَىٰ وَادِ النَّمْلِ قَالَتْ نَمْلَةٌ يَا أَيُّهَا النَّمْلُ ادْخُلُوا مَسَاكِنَكُمْ لَا يَحْطِمَنَّكُمْ سُلَيْمَانُ وَجُنُودُهُ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ

(Сүлеймен пайғамбар) құмырсқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырсқа: “Әй, құмырсқалар! Илеулеріңе кіріңдер. Сүлеймен мен оның әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін” деді.

Мына аятты оқып, аяқ астында қыбырлап жүретін,  біз мән бермейтін құмырсқаның сөйлеп жатқанын өз құлағыммен естігендей күйде болдым.

«Нәміл» сүресі, 30 аят:
إِنَّهُ مِن سُلَيْمَانَ وَإِنَّهُ بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ

Бұл хат Сүлейменнен келді, мұнда: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын дейді).

Осы 19 әріптен тұратын ең қасиетті сөз Балқис патшайымның жүрегіне қалай әсер етті екен, білмеймін, бірақ менің жан-жүйем босап қоя берді.

Miras KesebayMiras Kesebay
9 лет назад 5108
1 комментарий
О блоге
0
100359 68 183 1953 96