Париж зұлматы кімге не үшін керек болды?
Париж зұлматы кімге не үшін керек болды?

Париждегі сценарий – соғысқа сылтау

Саясатта ештеңе кездейсоқ болмайды. Сен саясатпен айналыспасаң, ол сенімен айналысады. Ол – лас ойын. Бүкіл әлем – шахмат тақтасы. Король мен ферзі қарсы жақтың майдан алаңына өту үшін,  қарсылас корольдің көзін құрту үшін, пешкаларын аямай құрбан ете береді.

Парижде тағы да жарылыс. Бейбіт тұрғындардың қаны төгілді. Бүкіл ақпарат құралдары терроризмді исламмен байланыстырып, әлем халқы мұсылмандарға қаны қарайды. Өз билігінің исламға қарсы қандай да бір айуани әрекетін дұрыс қабылдауда. Шындығы қайсы?

Лас ойын қалай ойналады?

Бәрімізге белгілі сценарий – АҚШ мұнайлы не стратегиялық маңызды, бірақ әскери қуаты әлсіз елдерден өзіне керегін алу үшін сылтау іздейді. Ол үшін террористік топ құрады. Бұл топ нысанаға іліккен елдің атынан және сол елдің дінінің атынан әлем бей-жай қарай алмайтын ғажайып мемлекетте хаос жасайды. Нәтижесінде дүниеге демократия және тыныштық орнатқыш, өз азаматтарының құқығын қорғағыш АҚШ хаосты сылтау етіп, сол елге басып кіреді. Оған ешкім қарсы шықпайды, себебі АҚШ нұсқау берген БАҚ халықты былай гипноздайды: «біз қабаған иттің көзін құртудамыз, егер қарсы шықсаң, онда сен де қабаған иттің жағындасың».

ИГИЛ кінәлі болса, Сирияға соғыстың қатысы қанша?

АҚШ-тың мемхатшысы Джон Керри Париждегі террактіге байланысты Сирияға соғыс ашылғанын жариялады.  Париждегі терракт не үшін керек болғанын және оны кім жасағанын түсінген боларсыз.

Террактіні ИШИМ мойнына алды. Олай болса, Сирияның қатысы не? Сирия өз бетінше ИШИМ-мен жанталаса күресуде. Қазір бомбаланып жатқан аймақтарда ИШИМ-нің содырларынан гөрі, бейбіт халық көп. Керемет! Террактіні ИШИМ жасайды, ал АҚШ Сирияға соғыс ашады!

Парижге АҚШ өзінің арнайы қызметкерлерін жіберуде. Әрине, өзі жарылыс жасаған жерге өзінің адамдарын жібереді. Міне, осыдан келіп, терракті орын алған жерден сириялық және египеттік азаматтардың жеке куәлігін тауып алады.

400 000-нан аса бейнебақылау орнатылған Париж қаласында бір мезгілде төрт жерде бомба жарып, автоматпен атқылау тұрмақ, көшеге қоқыс тастай алмайсың. Желкеңнен кем дегенде 14 камера қарап тұрады. Журнал редакциясында болған жарылыстан кейін қауіпсіздік шарасының күшейген тұсында тағы жарылыс жасау, сау адамның ақылына сыймайды.

Бауырымызға жанымыз ашымайды

Парижде болған оқиғадан жүзден аса азамат қаза тапты, жүзден аса жараланды. Бүкіл әлем аза тұтты. Әлеуметтік желілерде тіркелушілер суреттерін Париждің мұңлы бейнесіне ауыстырды. Астанадағы Бәйтерек те. Онысы дұрыс. Алайда кеше ғана Түркияда жүз адамның өмірін жалмаған терракті де, Израйлдің Палестинаны тапа тал түсте бала демей, қарт демей аяусыз қырып жатқаны да, ИШИМ-нің жүз баланы дарға асқаны да еліміздің және әлемнің қоғамына титтей әсер етпеді. Ешкімді қаржы аудар деп қысқан жоқ, бірақ тілмен және жүрекпен аза тұтпады. Ешкімнің авасы (суреті) ауыспады, Бәйтеректің түсі өзгермеді. Ақындар бір шумақ өлең жазбады. Сай-сүйегіміз сырқырамады. Жанымыз тыныш, ал бауырларымыз өмір үшін өліммен арпалысып жатса, онда мұсылмандығымыздан не пайда?

БАҚ алалайды

Түркия, Палестина, Сириядағы болып өткен террактілер жайлы әлемдік және қазақстандық БАҚ жақ ашпайды да, Париж, Лондон, АҚШ-та бір азамат оққа ұшса, шалғайдағы ауылдың азаматтарына дейін біліп тұрады. Бұл не? БАҚ – белгілі тұлғалардың қолындағы құрал екеніне тағы бір дәлел. Нені біліп, нені білуге болмайтынын солар шешеді. Аузыңа сөзді салып береді.

Қазір Париж тұрғындары «Біз терроризмнен қорықпаймыз. Біздің бостандығымызды ешкім тартып ала алмайды!» деп ұрандатуда. Бұл не деген ақымақтық! Әрине, білместіктен ғой. Өз билігі жасағанын, қаласа кез келген уақытта тағы да жасай салатынын, әттең, білмейді. Ақиқатты білмеу неткен жаман!

Сирияда соншалықты не бар?

Сирия – тоғыз жолдың торабы. Бұл ел арқылы Азияның өндірісін Еуропаға тез жеткізуге болады. Иранның уран өніміне жақындай түседі. Бұл елде ұлттық құрам да әртүрлі. Соғыс өртін тұтатып жіберсең, өздігінен алаулай түседі. Сирияның босқындары Еуропаны пана сұрап жатқанда, батыс елдері кешегі бас ауру болған Украинаны тез ұмытып кетті. Бір жағынан, Сирия дәл қазір «мен мықтымын» деп күшін көрсеткен екі түйе сүйкенгендегі мыжылып өлетін шыбынның кейпінде.

Мирас Кесебаев

Miras KesebayMiras Kesebay
9 лет назад 4853
4 комментария
  • Рас айтасыз.
    9 лет назад
  • Озынын саясаты ушын оз азаматтарын немесе баска елдыкын курбан ете салатын белгысыз шенеулыктер - недеген айуан! Адамдыктан журдай. Ол бизге сабак. Бирлик керек, улттык кауыпсыздыкты сактау керек.
    9 лет назад
  • Парижде болған оқиғадан жүзден аса азамат қаза тапты, жүзден аса жараланды. Бүкіл әлем аза тұтты. Әлеуметтік желілерде тіркелушілер суреттерін Париждің мұңлы бейнесіне ауыстырды. Астанадағы Бәйтерек те. Онысы дұрыс. Алайда кеше ғана Түркияда жүз адамның өмірін жалмаған терракті де, Израйлдің Палестинаны тапа тал түсте бала демей, қарт демей аяусыз қырып жатқаны да, ИШИМ-нің жүз баланы дарға асқаны да еліміздің және әлемнің қоғамына титтей әсер етпеді. Ешкімді қаржы аудар деп қысқан жоқ, бірақ тілмен және жүрекпен аза тұтпады. Ешкімнің авасы (суреті) ауыспады, Бәйтеректің түсі өзгермеді. Ақындар бір шумақ өлең жазбады. Сай-сүйегіміз сырқырамады. Жанымыз тыныш, ал бауырларымыз өмір үшін өліммен арпалысып жатса, онда мұсылмандығымыздан не пайда?
    9 лет назад
    • Мен де соны айтам. Көбісі әлеуметтік желіде Францияның туынан сығалап тұрған суретін салып қойыпты. Ол да дұрыс шығар. Қайғылы оқиғаның қайғысына ортақпыз дегендері ғой. Бірақ оның алдында болғандарға да солай жанашырлық білдіру керек еді белсенділер.
      9 лет назад
О блоге
0
100359 68 183 1953 96