ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН «ФАТИХА» ЖӘНЕ "ЫҚЫЛАС" СҮРЕСІ
ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН «ФАТИХА» ЖӘНЕ "ЫҚЫЛАС" СҮРЕСІ

"ФАТИХА" сүресі:

Сиынып бір Аллаға сөз бастайын,
Күллі мақтау Раббыма әлемдердің.
Құлына аса Қамқор, Рақымы мол,
Жаңбырлатып төгетін төбеңнен мың.
Сот Күнінің Иесі, Әділетті,
Жауап алар ақысын жегендердің.
Тек Өзіңе құлшылық жасауменен,
Иманда теңіздейін тереңдермін.
Тек Өзіңнен жәрдемді сұрауменен,
Қалайша мен өзгеге елеңдермін?
Тура жолға сала гөр, ия Жаратқан,
Құлдық қылып нәпсімді көгендермін.
Жолыменен жүргізші мына бізді,
Шексіз, сансыз нығметке бөленгеннің.
Жолыменен жүргізбе қарғыс тауып,
Тура жолдан адасқан төмендердің.
***
Тәңіріміз бір Алла, серігі жоқ,
Сүйікті Пайғамбарға сәлем бердім.

 

"ЫҚЫЛАС" сүресі:

Алла - Жалғыз, Сонда ғайып пердесі,

Ол - Мұқтажсыз, сұрасаң жоқ бермесі.

Ұлы Алла - туылмаған, тумаған,

Және Оның жоқ әлемде теңдесі.

 

#МирасКесебаев

Miras KesebayMiras Kesebay
7 лет назад 8381
0 комментариев
О блоге
0
100359 68 183 1953 96