Ғалымдар: Мешітке бару денсаулықты нығайтады. Неге?
Ғалымдар: Мешітке бару денсаулықты нығайтады. Неге?

Құлшылық үйіне тұрақты барып тұрудың денсаулыққа пайдасы зор деп есептейді Норвегия ғалымдары. Ғалымдар 120 мың еріктінің қатысуымен өткен тәжірибеден кейін осындай мәлімдеме жасаған. Мешітте болған адамдардың басым бөлігінде қан қысымы төмендейді, иммунитеті күшейіп, қан көрсеткіштері жақсарады екен. Зерттеу авторларының айтуынша, дін адамдарында қан қысымы аурулары сирек кездесіп, денсаулықтары анағұрлым мықты болады.

Алайда, дін мен денсаулықтың байланысын әлі нақты ашып айтпады. Оның ашып айтатын ешнәрсесі жоқ. Адамның жаратылысында Жаратушыны іздеу деген түйсік бар. Тіпті атеисттің өзі көзін көкке тігіп, бір қолдаушы, қорғаушы, бір тылсым күш іздейді. Жаратушысын тапқан жүрек тыныштық табады. Қасиетті Құранда: «Жүректер Алла Тағаланы еске алумен ғана тынышталмай ма!» деп аят келеді. Мұны айтып тұрған Ұлы Раббымыздың өзі.

Алласын тапқан жүрек байыз табады, өзін шексіз сүйіп, күн сайын ырыздығын беріп тұратын бір Берушінің бар екенін сезініп, жаны жай табады, тулаған қаны саябырсып, жұқарған жүйке түйіндері ағытылады. Иммунитет те мұндай жақсы атмосферада белсенді қызмет атқарып, вирус, бактерияларды қынадай жоя бастайды.

Мешітке кіргенде моп-момақан боп қаласың. Жаныңа басқа ештеңе керек еместей. Басқа уақытта Құран оқуға мойның жар бергізбей келсе, мұнда отыра қалып, оқығың келіп кетеді. Мешіттен шыққаныңда, 100% зарядталып шыққан телефондай, ойға алған ізгі ісіңе құлшына кірісесің. Осыдан келіп, дін мен денсаулықтың арасындағы алтын көпірдің мәнісі шығады.

 

мешіт
Miras KesebayMiras Kesebay
9 жыл бұрын 5310
1 пікір
  • Иә, жұмыстан кейін мешітке барып, жамағатпен намаз оқысаң демалып қаласың, әрі құлшылығыңды еркін жасайсың. Ғалымдар дұрыс айтады.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
100359 68 183 1953 96