Алладан көзімді қайтаруын сұрамаймын
Алладан көзімді қайтаруын сұрамаймын

Муаз – арамыздағы көп жеткіншектердің бірі. Екі көзінен айырылған.

Муаз ұстазына жету үшін ұзақ жол жүреді, өйткені үйіне жақын маңда ұстаз жоқ, амалсыз барып келіп оқуға тырысады. Оның осы ұзақ жол жүруіндегі мақсат – қасиетті Құранды үйрену және оны ұстазына қайталап оқып беру. (Шейх сұрап отыр)

Муаз, Құранды үйрену үшін дәріске қанша рет барасың?

Аптасына екі рет. Бірақ мені жиірек қабылдауы үшін қолымнан келгенін жасадым. Табындылығымның арқасында ұстаз аптасына үш рет қана сабақ беруге келісімін берді. Бұл дегеніңіз, ұстаз маған бір аятты үйретуге ғана мүмкіндік берді.

Сол-ақ па? Сонда барлық сапарың бір аят үшін бе?

Алла Тағалаға ант етейін, ұстазым осылай жасады. Қаншама күндер өтті, мен ойнау дегенді ұмыттым. Осы жағдайыма Жаратқанға көп шүкіршілік етемін. Дұғаларымда мен Алла Тағаладан көзімді қайтаруын сұрамаймын.

Сен Алла Тағала жанарыңды қайтарғанын қаламайсың ба?

Неге дейсіз ғой? Себебі, ақыретте Есеп күнінде менің есебім таразыға түскенде соқырлығым өзімді ақтауға себеп болады. Яғни, Алла Тағала менің жазамды жеңілдетеді. (Муаз Алладан қорыққаннан қатты ойланып кетті, Жаратушының алдында тұрғанын сезініп, дірілдеп кетті). Алла Тағала менен: «Құраннан не жаттадың?» деп сұрайды. Мүмкін Ол рақымымен менің азабымды жеңілдетер. Ол кімді қаласа рақымына бөлейді. Алла маған Құран оқуды, Оны көркем есімдерімен мадақтауды нәсіп етті. Білесіз бе, мен қалаған жерге ешкімнің көмегінсіз бара аламын. Бірақ әкем мені бір жерде ұрынып қала ма деп қорқады. Пайғамбарымыздың мына хадисін көңіліме медеу тұтамын: «Алла Тағала айтты: «Мен құлымды екі сүйіктісінен (екі көз) айырып сынасам және ол сабырлық танытса, соның ақысы ретінде оны жәннатпен сүйіншілеймін».

 

Көңілі ояу

Бір күні ірі табиғин ғалымы Хасан Басриге бір адам келіп, қызының соқыр болып қалғанын айтады. 

– Әй, имам, менің қызым күні-түні Құдайды ойлап көп жылайды. Тіпті қос жанары суалып кетті. Баспаған жер, бармаған тауым жоқ. Ешкім емдей алмады, – дейді.

– Мені ертіп бар, – деді Хасан Басри, – жолығып көрейін.

Екеуі үйге жетеді. Шынымен де қызы су қараңғы соқыр екен, өзі жылап отыр. Хасан Басри мұны көргенде:

– Қызым, неге жылай бересің? Тіпті екі көзіңнен де айырылыпсың, – дейді. 

– Екі себептен соқыр болдым, – депті қыз, – біріншісі, егер бұл көзбен ақыретте Аллаһтың жамалын көре алсам, қазіргі көрген дүние соның жолында садақа болсын. Екіншіден, ақыретте бұл көзбен Аллаһтың нұр дидарын көре алмасам, онда мұның маған не керегі бар? Ондай көздің барынан да жоғы жақсы. 

Бұны естігенде, Хасан Басри қыздың әкесіне қарап:

– Сен мені бұл жерге ақыл айт деп әкелгенмен, ақылгөй қызыңнан нағыз даналық сөз есіткіздің. Мұндай көкірек көзі ашық адамдарға жай көздің керегі де бола қоймас, – деген екен.

P.S. Екі көзі сау, тілі сайрап, құлағы ести тұра, қасиетті Құранды оқымағандар Алла Тағала алдында не деп ақталмақ? Ұялы телефонымызды қастерлеп ұстағанымыздай Құранды да жиі қолға алсақ қой шіркін. Автобуста да, жолда да, жатарда да қолымыздан түспей, таңда оянғанда алғашқы ісіміз Құранды ашу болса, қандай керемет болар еді. Оны үйде ұмыт қалдырсақ, жарты жолдан қайтып келіп алар ма едік, жоғалтып алсақ, іздеп тапқанша не жаңасын алғанша шыдамсызданар ма едік? Алла тағала иманымызды арттырып, лайым солай болғай.

Құран, соқыр, муаз, Хасан Басри
Miras KesebayMiras Kesebay
10 жыл бұрын 3921
3 пікір
Блог туралы
0
100359 68 183 1953 96