Құмырсқа сөйлейді ме немесе Құран аяты нені меңзейді?
Құраннан қате іздеген ғалымдардың әрекеті тағы бір жаңалыққа себеп болғаны туралы жазып едім. Яғни, құмырсқалар жайлы. Бұл мақаланы жазып қойғаныма біраз болған еді. Жарияламай жүрген себебім, құмырсқа туралы тағы бірнеше зерттеудің нәтижесін іздеп жүрдім. Таппадым әзірге. Құмырсқа туралы зерттеулер өте көп. Оқып отырып еріксіз «субханАллаһ!» дейсің, тамсанасың, мұндай ғажайып жәндікті жаратқан Жаратушымыз неткен шебер деп бас шайқайсың. Сол аталмыш аятқа («Нәміл» сүресінің 18-аяты: «Сүлейменнің әскері құмырсқалар алқабына келгенде, құмырсқаның басшысы: «О, құмырсқалар! Илеулеріңе кіріңдер,...