ЖҰПАР ИІСТІ АДАМ (болған оқиғаның ізімен)
ЖҰПАР ИІСТІ АДАМ (болған оқиғаның ізімен)

Абдулланың бойынан ерекше жағымды жұпар иіс аңқып тұратынына достары таң-тамаша болатын. Қай кез болмасын, не мешітте, не кездесулерде иісі мұрын жарып тұратын. Бірде сөз арасында олар соны сұрап та алды:

- Абдулла, осы сен үстіңе қандай әтір себесің? Иісі керемет екен.

- Ешқандай әтір себінбеймін.

- Қойшы, шыныңды айтшы. Гучи ме, Армани ма қайсысы?

- Шын айтам, ешқандай әтір себінбеймін, - деп Абдулла риясыз жымиды.

- Сенің үстіңнен ылғи да жұпар иіс аңқып тұрады, - деп достары да қоймады.

Абдулла айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп ойланып тұрды да айтқаным жөн шығар деп достарының жүзіне бір қарап шықты.

- Бір оқиға болып еді. Сапарда қонақ үйге тұрақтағанмын. Қонақ үйдің қызметкер әйелі рұқсатсыз бөлмеме кіріп, есікті іштен бекітті де мені арсыз іске шақырды. Терезеден секіре алмай не есіктен шыға алмайтын жағдайда қалдым. «Егер айтқанымды орындамасаң, мені зорламақшы болды деп шағымданатын боламын» деп милицияда таныстары барын айтып тіпті тығырыққа тіреді. Не істесем болады деп қара терге түстім. Ақыры бір шешімге келдім. «Жарайды, сен төсекке барып дайындала бер. Мен қазір бет-қолымды жуып келейін» дедім де ваннаға бардым. Өзімді күштеп үлкен дәретке отырып, қанша жиіркенсем де бел буып, нәжісімді бүкіл денеме жағып шықтым. Құсып жібере жаздадым. Сөйтіп сасыған күйі төсекте күтіп отырған әйелге бардым. Мені көргенде есінен тана жаздады. «Жынды шығарсың» деген күйі бөлмемнен атып шықты.

Содан кейін сағаттап жуындым. Нәжістің иісі кеткенше жиіркеніп, тұла бойымды әбден ысқыладым. Сол түні ғажайып түс көрдім. Түсімде бір кісі келді. «Алла Тағала сенің амалыңа разы болды. Сен ешкім жасамағанды жасадың» деді. Ертеңінен бастап жақындарым мен таныстарым бойымнан жақсы иіс шығып тұрғанын айтып жүрді. Ал өзіме ештеңе сезілмейді. Жұпар иіс жайлы айтып тұрған сендер алғашқы адам емессіңдер. Алла Тағаланың маған берген сыйы деп білемін, - деп Абдулла әңгімесін аяқтады.

жұпар иіс, зина, абдулла, сый
Miras KesebayMiras Kesebay
2 жыл бұрын 771
3 пікір